Осы зерттеуді жүргізу үшін біз Қазақстандағы ең танымал цифрлық платформаларды анықталып, таңдалған болатын. Компаниялардың өздері ғана емес, сонымен қатар олардың жеке өнімдері мен сервистері, соның ішінде мобильді құрылғылардың экожүйелері де қарастырылды.
Цифрлық платформа – бұл цифрлық экожүйедегі әртүрлі қатысушылардың, қосымшалардың және деректердің өзара әрекеттесуі үшін цифрлық инфрақұрылым мен функционалдылықты қамтамасыз ететін интеграцияланған бағдарламалық және аппараттық шешім.
Қоғамдық позицияны және компаниялардың адам құқықтарын сақтау саясатын зерттеу үшін біз компаниялардың ресми веб-сайттарын, бас компаниялардың/компаниялар тобының вебресурстарын қолдандық.
Зерттелетін мәселелер үш индикатор бойынша топтастырылды.
«G. Корпоративтік басқару»
Осы санаттағы көрсеткіштер компанияда адамның өзін өзі таныту бостандығы мен жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқықтарының сақталуын қамтамасыз ететін басқару процестерінің болуын көрсетуге арналған. Компания осы санатта жоғары нәтиже көрсетуі үшін оның өз қызметі туралы ашқан ақпараты кем дегенде көрсетілуі тиіс, ал ең үздік көріністе, БҰҰ-ның Адам құқықтары саласындағы кәсіпкерлік қызметтің басшылық қағидаттарынан және жаһандық желілік бастама қабылдаған өзін өзі таныту бостандығы мен жеке өмірге қол сұғылмаушылықты қамтамасыз етуге бағытталған адам құқықтарын сақтау саласындағы басқа да стандарттардан асып түсуі тиіс.
«F. Өзін өзі таныту және ақпарат бостандығы»
Осы санаттағы көрсеткіштер компанияның адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес өзін өзі таныту мен ақпарат бостандығы құқықтарына құрметпен қарайтындығын анықтауға мүмкіндік береді. Компанияның жарияланған саясаты мен тәжірибесі мұндай әрекеттер заңды, пропорционалды және негізделген мақсатты көздейтін жағдайларды қоспағанда, адам құқықтарының бұзылуына қарсы тұру үшін қандай шаралар қолданылатынын нақты көрсетуге мүмкіндік береді. Осы көрсеткіш бойынша жоғары нәтиже көрсеткен компаниялар өздерінің ашықтық қағидатына деген бейілділігін тек үкіметтің және басқа тараптардың талаптарына қалай жауап беретіндігінде ғана емес, сонымен қатар пайдаланушылардың сөз және ақпарат бостандығына негізгі құқығына әсер ететін коммерциялық қызметтің өзіндік ережелері мен қағидаларын белгілеу, түсіндіру және сақтау тәсілдерінде де растайды.
«P. Құпиялылық»
Осы санаттағы көрсеткіштер компаниялардың адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес пайдаланушылардың құпиялылық құқығына деген бейілділігін түсіндіру үшін өз саясаты мен оны іс жүзінде жүзеге асыру мысалдарында қол жетімді болуға деген ұмтылысын көрсетеді. Компаниялардың ашық саясаты мен тәжірибелері мұндай әрекеттер заңды, пропорционалды және негізделген мақсатты көздейтін жағдайларды қоспағанда, пайдаланушылардың жеке өміріне қол сұғылмаушылықты бұзуы мүмкін әрекеттерге ықпал етпеуге қалай тырысатынын көрсетеді. Олар сондай-ақ пайдаланушылардың цифрлық қауіпсіздігін қорғауға және сақтауға берік бейілділігін көрсетеді. Осы көрсеткіштер бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізетін компаниялар ашықтыққа деген бейілділігін тек үкіметтің және басқалардың талаптарына қалай жауап беретіндігінде ғана емес, сонымен қатар пайдаланушылардың жеке өміріне әсер ететін өздерінің ережелері мен салалық тәжірибелерін қалай анықтайтындығында, жеткізетіндігінде және қамтамасыз ететіндігінде көрсетеді.
Зерттеу процесі келесі кезеңдерден тұрды:
- Бірінші сарапшының әрбір сервистің жария қолжетімді құжаттарына түгендеу жүргізуі;
- Бірінші сарапшының әрбір индикатор бойынша баға қоюы;
- Алынған нәтижелерді екінші және үшінші сарапшылардың валидациясы;
- Company Engagement деп аталатын қарастырылып отырған компаниялармен және олардың цифрлық платформаларымен өзараәрекеттесу процесі;
- «Көлденең тексеру»: бірыңғай және объективті тәсілді сақтау мақсатында компаниялардың нәтижелерін өзара салыстыру және қорытынды бағаларды Ranking Digital Rights командасымен келісу.
Әрбір индикатор параметрлердің тізіміне ие және компаниялар әрбір орындалған параметр үшін бағаны (толық, ішінара немесе нөлдік) алады. Бағалау келесі мүмкін жауаптардың біріне сүйене отырып, көрсеткіштің әрбір параметрі бойынша ақпаратты ашу дәрежесін ескереді:
«Иә» (толық ашу): ақпаратты ашу көрсеткіштің талабына сәйкес келеді.
«Ішінара»: компания берілген индикатордың барлық аспектілерін емес, кейбір аспектілерін ғана ашты немесе ашу индикатордың барлық талаптарына сәйкес келетіндей толық емес болып табылады.
«Ақпаратты ашу туралы деректер жоқ»: зерттеушілер компанияның сайтында элементтің сұрағына жауап беретін ақпаратты таба алмады.
«Жоқ»: ақпарат бар, бірақ ол осы параметр бойынша сұрау тақырыбын нақты ашпайды. Бұл нұсқа «Ақпаратты ашу табылмады» нұсқасынан ерекшеленеді, бірақ екеуі де оң баға бермейді.
«Қолданылмайды»: элемент компанияға немесе қызметке қатысы жоқ. «Қолданылмайды» деп белгіленген элементтер оң және теріс жақтарын есептеу кезінде есепке алынбайды.
Баллдар
Иә/ақпаратты толық ашу = 100
- Ақпаратты ішінара ашу = 50
- Ақпарат ашылмаған = 0
- Ақпаратты ашу туралы деректер жоқ = 0
- Қолданылмайды – деректер баллдар мен орташа мәндерді есептеу кезінде есепке алынбайды.
Зерттеу көрсеткіштерін толық ашу:
Параметрлер:
- Компания өзді-өзін таныту және ақпарат бостандығы құқығын қоса алғанда, адам құқықтарын сақтау бойынша ашық, нақты тұжырымдалған міндеттемелерді қабылдай ма?
- Компания адам құқықтарын, соның ішінде құпиялылық құқығын сақтау бойынша ашық, нақты белгіленген міндеттемелерді қабылдай ма?
- Компания алгоритмдік жүйелерді әзірлеу саласында адам құқықтарын сақтау бойынша ашық, нақты тұжырымдалған міндеттемелерді қабылдай ма?
G2. Компания басшылығы тарапынан бақылау және қадағалау
Параметрлер:
- Компания директорлар кеңесі компанияның қызметі өзді-өзін таныту мен ақпарат бостандығына қалай әсер ететінін ресми қадағалауды жүзеге асыратыны туралы нақты ақпарат ұсына ма?
- Компания директорлар кеңесі компанияның қызметі құпиялылыққа қалай әсер ететінін ресми қадағалауды жүзеге асыратыны туралы нақты ақпарат ұсына ма?
- Компания өзді-өзін таныту және ақпарат бостандығына әсер ететін компанияның қызметін атқару комитеті, ұжым, мақсатты бағдарлама немесе жоғары басқарушы деңгейдегі жауапты тұлға қадағалайтыны туралы нақты ақпарат ұсына ма?
- Компания компанияның құпиялылыққа әсер ететін қызметін атқару комитеті, ұжым, мақсатты бағдарлама немесе жоғары басқарушы деңгейдегі жауапты тұлға қадағалайтыны туралы нақты ақпарат ұсына ма?
- Компания өзді-өзін таныту және ақпарат бостандығына әсер ететін компанияның қызметін атқару комитетінің, ұжымның, мақсатты бағдарламаның немесе басқару буынының жауапты тұлғасының қадағалауы жүзеге асырылатыны туралы нақты ақпарат ұсына ма?
- Компания компанияның құпиялылыққа әсер ететін қызметін атқару комитеті, ұжым, мақсатты бағдарлама немесе басқару буынының жауапты тұлғасы қадағалайтыны туралы нақты ақпарат ұсына ма?
G3. Ішкі саясатта қолдану
Параметрлер:
- Компания қызметкерлерді өзді-өзін таныту және ақпарат бостандығы мәселелері бойынша оқытуды жүргізу туралы нақты ақпарат ұсына ма?
- Компания қызметкерлерді құпиялылық бойынша оқытуды жүргізу туралы нақты ақпарат ұсына ма?
- Компания ақпарат берушілерге арналған бағдарламалар мен қызметкерлер компанияның өзді-өзін таныту бостандығы мен өз пайдаланушыларының ақпараттық құқықтарына деген көзқарасына қатысты мәселелер туралы есеп бере алатын тетіктер туралы нақты ақпарат ұсына ма?
- Компания ақпарат берушілерге арналған бағдарламалар мен қызметкерлер компанияның өз пайдаланушыларының құпиялылық құқығына қалай қарайтынына қатысты мәселелер туралы есеп бере алатын тетіктер туралы нақты ақпарат ұсына ма?
G4(b). Әсерді бағалау: Саясатты қолдану процестері
Параметрлер:
- Компания қызмет көрсету шарттарын қолдану кезінде өзді-өзін таныту мен ақпараттың бостандығын қамтамасыз етуге байланысты тәуекелдерді бағалауды жүргізе ме?
- Компания қызмет көрсету шарттарын қолдану кезінде құпиялылықты қамтамасыз етуге байланысты тәуекелдерді бағалауды жүргізе ме?
- Компания қызмет көрсету шарттарын қолдану тетіктеріне байланысты кемсітушілік тәуекелдерді бағалай ма?
- Компания құпиялылық саясатын қолдану тетіктеріне байланысты кемсітушілік тәуекелдерді бағалай ма?
- Тәуекелдерді бағалау нәтижесінде проблемалық сәттер анықталған жағдайларда компанияда қосымша сараптама рәсімі жүргізіле ме?
- Жоғары буын басшылары және/немесе компанияның директорлар кеңесінің мүшелері бағалау және кешенді тексеру нәтижелерін қарастырады ма және олар шешім қабылдау кезінде ескеріледі ме?
- Компания мұндай тексерулерді тұрақты негізде жүргізе ме?
- Тексерулерді тәуелсіз үшінші тарап ұйымы қамтамасыз ете ме?
- Сараптама жүргізуді қамтамасыз ететін тәуелсіз үшінші тарап ұйымы адам құқықтары саласындағы тиісті беделді стандартқа сәйкес аккредиттелген сенімді ұйым болып табыла ма?
G4(c) Әсерді бағалау: Таргеттелген жарнама
Параметрлер:
- Компания өзінің саясатына және таргеттелген жарнама саласындағы қызметіне байланысты өзді-өзін таныту мен ақпарат бостандығының тәуекелдерін бағалауды жүзеге асыра ма?
- Компания өзінің саясатымен және таргеттелген жарнама қызметімен байланысты құпиялылық тәуекелдерін бағалауды жүзеге асыра ма?
- Компания өзінің саясатына және таргеттелген жарнама қызметіне байланысты кемсітушілік тәуекелдерді бағалай ма?
- Тәуекелдерді бағалау нәтижесінде проблемалық сәттер анықталған жағдайларда компанияда қосымша сараптама рәсімі жүргізіле ме?
- Жоғары буын басшылары және/немесе компанияның директорлар кеңесінің мүшелері бағалау және кешенді тексеру нәтижелерін қарастырады ма және олар шешім қабылдау кезінде ескеріледі ме?
- Компания мұндай тексерулерді тұрақты негізде жүргізе ме?
- Тексерулерді тәуелсіз үшінші тарап ұйымы қамтамасыз ете ме?
- Сараптама жүргізуді қамтамасыз ететін тәуелсіз үшінші тарап ұйымы адам құқықтары саласындағы тиісті беделді стандартқа сәйкес аккредиттелген сенімді ұйым болып табыла ма?
G4(d). Әсерді бағалау: Алгоритмдік жүйелер
Параметрлер:
- Компания өзінің саясаты мен алгоритмдік жүйелер саласындағы қызметіне байланысты өзді-өзін таныту мен ақпарат бостандығының тәуекелдерін бағалауды жүзеге асыра ма?
- Компания өзінің саясатымен және алгоритмдік жүйелер саласындағы қызметімен байланысты құпиялылық саласындағы тәуекелдерді бағалауды жүзеге асыра ма?
- Компания алгоритмдік жүйелерді әзірлеуге және пайдалануға байланысты кемсітушілік тәуекелдерді бағалай ма?
- Тәуекелдерді бағалау нәтижесінде проблемалық сәттер анықталған жағдайларда компанияда қосымша сараптама рәсімі жүргізіле ме?
- Жоғары буын басшылары және/немесе компанияның директорлар кеңесінің мүшелері бағалау және кешенді тексеру нәтижелерін қарастырады ма және олар шешім қабылдау кезінде ескеріледі ме?
- Компания мұндай тексерулерді тұрақты негізде жүргізе ме?
- Тексерулерді тәуелсіз үшінші тарап ұйымы қамтамасыз ете ме?
- Сараптама жүргізуді қамтамасыз ететін тәуелсіз үшінші тарап ұйымы адам құқықтары саласындағы тиісті беделді стандартқа сәйкес аккредиттелген сенімді ұйым болып табыла ма?
G4(a). Әсерді бағалау: Билік органдары және нормативтік актілер
Параметрлер:
- Компания жергілікті заңнама өз қызметін жүзеге асыратын заңқұзыреттердегі өзді-өзін таныту мен ақпарат бостандығының сақталуына қалай әсер ететінін бағалай ма?
- Компания жергілікті заңнама өз қызметін жүзеге асыратын заңқұзыреттердегі құпиялылықты сақтауға қалай әсер ететінін бағалай ма?
- Компания өз қызметін жүргізетін заңқұзыреттердегі қолданыстағы өнімдер мен қызметтерге қатысты өзді-өзін таныту мен ақпарат бостандығы саласындағы тәуекелдерді бағалауды жүзеге асыра ма?
- Компания өз қызметін жүргізетін заңқұзыреттердегі қолданыстағы өнімдер мен қызметтерге қатысты құпиялылық саласындағы тәуекелдерді бағалауды жүзеге асыра ма?
- Компания жаңа өнімдерді, қызметтерді немесе компанияларды іске қосуды және/немесе құруды, сондай-ақ жаңа нарықтарға немесе заңқұзыреттерге шығуды қоса алғанда, жаңа қызметпен байланысты өзді-өзін таныту мен ақпарат бостандығына қатысты ықтимал қауіп-қатерлерді бағалай ма?
- Компания жаңа өнімдерді, қызметтерді немесе компанияларды іске қосуды және/немесе құруды, сондай-ақ жаңа нарықтарға немесе заңқұзыреттерге шығуды қоса алғанда, жаңа қызметпен байланысты құпиялылық тәуекелдерін бағалауды жүзеге асыра ма?
- Тәуекелдерді бағалау нәтижесінде проблемалық сәттер анықталған жағдайларда компанияда қосымша сараптама рәсімі жүргізіле ме?
- Компанияның жоғары басшылары және/немесе директорлар кеңесінің мүшелері бағалау және кешенді тексеру нәтижелерін қарастырады ма және олар шешім қабылдау кезінде оларды ескереді ме?
- Компания мұндай тексерулерді тұрақты негізде жүргізе ме?
- Бағалауды тәуелсіз үшінші тарап ұйымы қамтамасыз ете ме?
- Сараптама жүргізуді қамтамасыз ететін тәуелсіз үшінші тарап ұйымы адам құқықтары саласындағы тиісті беделді стандартқа сәйкес аккредиттелген сенімді ұйым болып табыла ма?
F1(a). Қызметтер көрсету шарттарына қол жеткізу
Параметрлер:
- Компанияның қызмет көрсету шарттарын табу оңай ма?
- Компания қызметінің заңқұзыретіндегі пайдаланушылар сөйлейтін негізгі тілде (тілдерде) қызмет көрсету шарттары қол жетімді ме?
- Қызметтерді ұсыну шарттары түсінікті нысанда ұсынылған ба?
F1(b). Жарнамалық контентке қатысты саясатқа қол жеткізу
Параметрлер:
- Компанияның жарнамалық контент саясатын табу оңай ма?
- Компания қызметінің заңқұзыретіндегі пайдаланушылар сөйлейтін негізгі тілде (тілдерде) жарнамалық контентке қатысты компания саясаты қол жетімді ме?
- Компанияның жарнамалық контентке қатысты саясаты түсінікті нысанда ұсынылған ба?
- Мобильді экожүйелер үшін: Компания қосымшалар дүкені арқылы қол жетімді қосымшаларға қойылатын талаптарға сәйкес пайдаланушыларға жарнамалық контент саясаты ұсынылуы керек екенін нақты нысанда хабарлайды ма?
- Жеке цифрлық көмекшілердің экожүйелері үшін: Компания өзінің дағдылар дүкені арқылы қол жетімді көмекшілердің дағдыларына қойылатын талаптарға сәйкес пайдаланушыға жарнамалық контент саясаты берілуі керек екенін нақты нысанда хабарлайды ма?
F1(c). Жарнаманы таргеттеу саясатына қол жеткізу
Параметрлер:
- Компанияның жарнаманы таргеттеу саясатын табу оңай ма?
- Компания қызметінің заңқұзыретіндегі пайдаланушылар сөйлейтін негізгі тілде (тілдерде) жарнаманы таргеттеу ережелері қол жетімді ме?
- Жарнаманы таргеттеу саясаты түсінікті нысанда ұсынылған ба?
- Мобильді экожүйелер үшін: Компания өзінің қосымшалар дүкені арқылы қол жетімді қосымшаларға қойылатын талаптарға сәйкес пайдаланушыларға жарнаманы таргеттеу саясаты ұсынылуы керек екенін нақты нысанда хабарлайды ма?
- Жеке цифрлық көмекшілердің экожүйелері үшін: Компания өзінің дағдылар дүкені арқылы қол жетімді дағдыларды пайдаланушыларға жарнаманы таргеттеу саясатын ұсынуды талап ететінін нақты нысанда хабарлайды ма?
F1(d). Алгоритмдік жүйелерді пайдалану саясатына қол жеткізу
Параметрлер:
- Компанияның алгоритмдік жүйелерді пайдалану саясатын табу оңай ма?
- Компания қызметінің заңқұзыретіндегі пайдаланушылар сөйлейтін негізгі тілде (тілдерде) алгоритмдік жүйелерді пайдалану ережелері қол жетімді ме?
- Алгоритмдік жүйелерді пайдалану саясаты түсінікті нысанда ұсынылған ба?
F3(a). Қызмет көрсету шарттарын сақтау процесі
Параметрлер:
- Компания қандай контент немесе әрекеттер жарамсыз екенін қол жетімді нысанда түсіндіре ме?
- Компания пайдаланушының аккаунтын қандай себеппен шектей алатынын қол жетімді нысанда түсіндіре ме?
- Компания компания ережелерін бұзатын контентті немесе аккаунттарды анықтау үшін қолданылатын процестер туралы ақпаратты қол жетімді нысанда аша ма?
- Компания өзінің ережелерін бұзатын контентті белгілеу үшін алгоритмдік жүйелерді қалай қолданатынын қол жетімді нысанда түсіндіре ме?
- Компания билік органдары контентті белгілеудің басым құқығын пайдаланып, содан кейін оны компания ережелерін бұзғаны үшін шектейтіні туралы ақпаратты қол жетімді нысанда аша ма?
- Компания жеке немесе заңды тұлғалар контентті белгілеудің басым құқығын пайдаланып, содан кейін оны компания ережелерін бұзғаны үшін шектейтіні туралы ақпаратты қол жетімді нысанда аша ма?
- Компания бұзушылықтар анықталған кезде ережелерді сақтау үшін қолданатын процестерді қол жетімді нысанда түсіндіре ме?
F6. Биліктің контентке немесе аккаунттарға кіруді шектеу туралы талаптары туралы мәліметтер
Параметрлер:
- Компания елдер бойынша бөле отырып осындай алынған талаптардың саны туралы деректерді ұсына ма?
- Компания осылайша әсер еткен аккаунттардың саны туралы деректерді ұсына ма?
- Компания қанша контент бірлігі немесе URL мекенжайлары әсер еткені туралы деректерді көрсете ме?
- Компания алынған талаптарға байланысты тақырыптар санаттарының тізімін келтіре ме?
- Компания әртүрлі ресми органдардан келетін талаптардың жалпы санын көрсете ме?
- Компания ресми тұлғалардан бейресми арналар арқылы түскен контентті немесе аккаунттарды шектеуге қойылатын талаптардың санын көрсете ме?
- Компания орындаған талаптардың санын көрсете ме?
- Компания бастапқы талаптар туралы ақпаратты жариялай ма немесе тиісті көшірмелерді үшінші тараптың қоғамдық мұрағатына ұсыну туралы хабардар ете ме?
- Компания бұл деректерді жылына кемінде бір рет жариялай ма?
- Бұл деректерді құрылымдық файл ретінде экспорттауға бола ма?
F7. Контентті немесе аккаунтты шектеуге арналған жеке сұраулар туралы деректер
Параметрлер:
- Компания контент пен аккаунтты шектеу үшін алынған жеке сұраулардың саны туралы деректерді ұсына ма?
- Компания осылайша әсер еткен аккаунттардың саны туралы деректерді ұсына ма?
- Компания осылайша қанша контент бірлігі немесе URL мекенжайлары әсер еткені туралы деректерді көрсете ме?
- Компания алынған талаптарға байланысты контентті жою себептері туралы деректерді келтіре ме?
- Компания қол жетімді нысанда алынған жеке сұраулар туралы ақпарат ұсына ма?
- Компания орындаған талаптардың санын көрсете ме?
- Компания бастапқы талаптар туралы ақпаратты жариялай ма немесе тиісті көшірмелерді үшінші тараптың қоғамдық мұрағатына ұсыну туралы хабардар ете ме?
- Компания бұл деректерді жылына кемінде бір рет жариялай ма?
- Бұл деректерді құрылымдық файл ретінде экспорттауға бола ма?
- Компания ұсынатын есептілікте жеке сұраулардың барлық түрлерінің тізімі бар екендігі туралы ақпаратты қол жетімді нысанда ұсына ма?
F11. Пайдаланушыны сәйкестендіру саясаты
Параметрлер:
- Компания мемлекеттік орган берген жеке басын куәландыратын құжат арқылы немесе жеке тұлғаны офлайн режимінде сәйкестендіру үшін пайдаланылуы мүмкін сәйкестендірудің басқа түрі арқылы пайдаланушының жеке басын растауды талап ете ме?
F12. Контентті, ұсынымдарды және/немесе саралау жүйелерін алгоритмдік жетекшілік ету
Параметрлер:
- Компания өзінің платформасында пайдаланушыларға қол жетімді контентті жетекшілік ету, ұсыну және/немесе саралау үшін алгоритмдік жүйелерді қолдану туралы ақпаратты қол жетімді нысанда ұсына ма?
- Компания контентті жетекшілік ету, ұсыну және/немесе саралау үшін алгоритмдік жүйелерді қалай қолданатынын және осы жүйелерге қандай айнымалылар әсер ететінін қол жетімді түрде түсіндіре ме?
- Компания пайдаланушылардың контентті алгоритмдік жетекшілік ету, ұсынымдар және/немесе саралау жүйесі ескеретін айнымалыларды басқаруға қандай мүмкіндіктері бар екенін қол жетімді нысанда түсіндіре ме?
- Компания әдепкі қалпы бойынша контентті автоматты жетекшілік ету, ұсыну және/немесе саралау үшін алгоритмдік жүйелерді пайдалану туралы ақпаратты қол жетімді нысанда аша ма?
Компания пайдаланушылардың контентті автоматты жетекшілік ету, ұсыну және/немесе саралау туралы келісу мүмкіндігі бар екенін қол жетімді нысанда түсіндіре ме?
P1(a). Құпиялылық саясатына қол жеткізу
Параметрлер:
- Компанияның құпиялылық саясатын табу оңай ма?
- Компанияның құпиялылық саясаты оның ұлттық заңқұзыреті еліндегі пайдаланушылардың қарым-қатынасының негізгі тілінде (тілдерінде) жарияланды ма?
- Бұл саясат түсінуге оңай түрде көрсетілген бе?
- Мобильді экожүйелер үшін: Компания қосымшалар дүкені арқылы қол жетімді қосымшаларға қойылатын талаптарға сәйкес пайдаланушыларға құпиялылық саясатына қол жетімділік берілуі керек екенін аша ма?
- Жеке цифрлық көмекшілердің экожүйелері үшін: Компания өзінің дағдылар дүкені арқылы қол жетімді көмекшілердің дағдыларына қойылатын талаптарға сәйкес пайдаланушыларға құпиялылық саясатына қол жеткізу керек екендігі туралы ақпаратты ұсына ма?
P2(a). Құпиялылық саясатындағы өзгерістер
Параметрлер:
- Компания қол жетімді нысанда пайдаланушыларға құпиялылық саясатындағы өзгерістер туралы тікелей хабардар ететінін анық жеткізе ме?
- Компания пайдаланушыларға өзгерістер туралы тікелей қалай хабарлайтынын қол жетімді нысанда түсіндіре ме?
- Компания пайдаланушыларға құпиялылық саясатындағы өзгерістер туралы олар күшіне енгенге дейін тікелей хабарлайтын мерзімдерді қол жетімді нысанда жариялай ма?
- Компания қоғамдық мұрағатты немесе енгізілген өзгерістер хаттамасын жүргізе ме?
- Мобильді экожүйелер үшін: Компания өзінің қосымшалар дүкені арқылы қол жетімді қосымшалар пайдаланушыларға құпиялылық саясатының өзгеруі туралы хабарлауы керек екендігі туралы қол жетімді нысанда хабарлайды ма?
- Жеке цифрлық көмекші экожүйелер үшін: Компания өзінің дағдылар дүкені арқылы қол жетімді дағдылар пайдаланушыларға құпиялылық саясатының өзгергені туралы хабарлауы керек екенін қол жетімді нысанда хабарлайды ма?
P3(a). Пайдаланушы деректерін жинау
Параметрлер:
- Компания қандай пайдаланушы деректерін және оны қалай жинайтынын қол жетімді нысанда ашады ма?
- Компания осы деректердің әрбір түрі бойынша пайдаланушы деректерін қалай жинайтынын қол жетімді нысанда аша ма?
- Компания пайдаланушы деректерін жинауды тек өз қызметтерін ұсыну үшін қажет нәрсемен шектейтінін қол жетімді нысанда түсіндіре ме?
- Мобильді экожүйелер үшін: Компания өзінің қосымшалар дүкенінде қол жетімді үшінші тарап қолданбаларының құпиялылық саясатында осы қосымшалардың пайдаланушы деректерін жинау туралы ақпаратты тексеретінін қол жетімді нысанда түсіндіре ме?
- Мобильді экожүйелер үшін: Компания өзінің қосымшалар дүкеніндегі үшінші тарап әзірлеушілерінің қосымшалары олардың қызметтерін ұсыну үшін қажетті пайдаланушы деректерін жинаумен шектелетінін тексеретінін қол жетімді нысанда түсіндіре ме?
- Жеке цифрлық көмекшілердің экожүйелері үшін: Компания өзінің дағдылар дүкенінде қол жетімді үшінші тарап дағдыларының құпиялылық саясатында осы дағдылармен пайдаланушы деректерін жинау туралы ақпаратты тексеретінін қол жетімді нысанда түсіндіре ме?
- Жеке цифрлық көмекші экожүйелер үшін: Компания өзінің дағдылар дүкеніндегі үшінші тарап әзірлеушілерінің дағдылары дағдылар қызметтерін ұсыну үшін қажетті пайдаланушы деректерін жинаумен шектелетінін қол жетімді нысанда түсіндіре ме?
P4. Пайдаланушы деректерін үшінші тұлғаларға ұсыну
Параметрлер:
- Компания деректердің әр түрі бойынша бөлуді қамтамасыз ете отырып, өзінің пайдаланушылары туралы қандай деректермен бөлісетінін және кіммен бөлісетінін қол жетімді нысанда түсіндіре ме?
- Компания деректердің әрбір түрін бөле отырып, пайдаланушы деректерінің қандай түрлерін үшінші тараптармен бөлісетінін қол жетімді нысанда түсіндіре ме?
- Компания үкіметтердің немесе сот органдарының өтініші бойынша өз пайдаланушылары туралы ақпарат бере алатындығын қол жетімді нысанда түсіндіре ме?
- Компания деректердің әрбір түрін бөле отырып, пайдаланушы деректерімен бөлісетін барлық үшінші тараптардың атауларын қол жетімді нысанда аша ма?
P5. Пайдаланушы деректерін жинау, логикалық шығару және тарату мақсаттары
Параметрлер:
- Компания деректердің әрбір түрін бөле отырып, өз пайдаланушылары туралы деректерді қандай мақсатта жинайтынын қол жетімді нысанда түсіндіре ме?
- Компания деректердің әрбір түрін бөле отырып, өз пайдаланушылары туралы деректерді қандай мақсатта логикалық түрде шығаратынын қол жетімді нысанда түсіндіре ме?
- Компания компанияның әртүрлі қызметтерін пайдаланушылар туралы ақпаратты салыстырумен айналысатындығын қол жетімді нысанда түсіндіре ме? Олай болса, қандай мақсатпен?
- Компания деректердің әрбір түрін бөле отырып, өз пайдаланушылары туралы деректерді үшінші тараптарға беру мақсатын қол жетімді нысанда түсіндіре ме?
- Компания өз пайдаланушыларының деректерін тек осы деректер жиналған немесе логикалық түрде алынған мақсаттармен ғана пайдаланумен шектелетінін қол жетімді нысанда түсіндіре ме?
P6. Пайдаланушы деректерін сақтау
Параметрлер:
- Компания деректердің әрбір түрін бөле отырып, пайдаланушы деректерін қанша уақыт сақтайтынын қол жетімді нысанда түсіндіре ме?
- Компания пайдаланушының қандай иесіздендірілген деректерін сақтайтынын қол жетімді нысанда түсіндіре ме?
- Компания пайдаланушы деректерін иесіздендіру процестерін қол жетімді нысанда түсіндіре ме?
- Компания пайдаланушылар өз аккаунтын жойғаннан кейін барлық пайдаланушы деректерін жоятынын қол жетімді нысанда мәлімдей ме?
- Компания пайдаланушылар өз аккаунтын жойғаннан кейін барлық пайдаланушы деректерін жоятын мерзімдерді қол жетімді нысанда аша ма?
P7. Пайдаланушы өз деректерін бақылау
Параметрлер:
- Компания пайдаланушылардың пайдаланушы ақпаратын жинау процесін компания жинайтын пайдаланушы деректерінің әрбір түрі бойынша бөле отырып бақылау мүмкіндігінің болуы немесе болмауы фактісін қол жетімді нысанда түсіндіре ме?
- Компания пайдаланушылардың жиналатын пайдаланушы деректерінің әрбір түрі бойынша бөле отырып, өздерінің пайдаланушы ақпаратын жою мүмкіндігінің болуы немесе болмауы фактісін қол жетімді нысанда түсіндіре ме?
- Компания өзі жинаған деректер негізінде шығаратын пайдаланушы ақпаратының әрбір түрі үшін компания пайдаланушылардың осындай пайдаланушы деректерінің шығу мүмкіндігін бақылау мүмкіндігін анық түсіндіреді ме?
- Компания өзі жинаған деректер негізінде шығаратын пайдаланушы туралы ақпараттың әр түрі үшін компания пайдаланушылардың осындай пайдаланушы туралы ақпаратты жою мүмкіндігін анық көрсете ме?
- Компания пайдаланушыларға таргеттелген жарнама үшін олардың дербес деректерін пайдалануды бақылау мүмкіндігін беретінін қол жетімді нысанда хабарлайды ма?
- Компания таргеттелген жарнамалардың әдепкі қалпы бойынша өшірілгенін қол жетімді нысанда хабарлайды ма?
- Компания пайдаланушыларға алгоритмдік жүйелерді әзірлеу кезінде олардың пайдаланушы ақпаратын пайдалануды бақылау мүмкіндігін беретінін қол жетімді нысанда хабарлайды ма?
- Компания әдепкі қалпы бойынша алгоритмдік жүйелерді әзірлеу үшін пайдаланушы ақпаратын пайдаланатынын немесе пайдаланбайтынын қол жетімді нысанда хабарлайды ма?
- Мобильді экожүйелер мен жеке цифрлық көмекші экожүйелер үшін: Компания пайдаланушыларға құрылғының геолокация функциясын басқаруға мүмкіндік беретінін қол жетімді нысанда хабарлайды ма?
P8. Пайдаланушылардың өз деректеріне қол жетімділігі
Параметрлер:
- Компания пайдаланушылар өздерінің пайдаланушы деректерінің көшірмесін сұрай алатындығы туралы ақпаратты қол жетімді нысанда аша ма?
- Компания пайдаланушылар қандай пайдаланушы ақпаратын ала алатынын қол жетімді нысанда хабарлайды ма?
- Компания пайдаланушылардың құрылымдық деректер нысанында өздерінің пайдаланушы ақпаратын алу мүмкіндігі туралы қол жетімді нысанда хабарлайды ма?
- Компания пайдаланушылардың компания иелігіндегі олар туралы жалпыға қолжетімді және жеке ақпаратты толық көлемде алу мүмкіндігі туралы қол жетімді нысанда хабарлай ма?
- Компания пайдаланушылардың компания анықтаған жарнамалық аудитория санаттарының тізіміне кіру мүмкіндігі туралы қол жетімді нысанда хабарлайды ма?
- Компания пайдаланушылар олар туралы шығара алатын барлық ақпаратты толық көлемде ала алатынын қол жетімді нысанда хабарлайды ма?
P9. Үшінші тұлғалардан пайдаланушы деректерін жинау
Параметрлер:
- Сандық платформалар үшін: Компания техникалық құралдар арқылы үшінші тараптардың веб-сайттарынан қандай пайдаланушы ақпаратын жинайтынын қол жетімді нысанда түсіндіре ме?
- Цифрлық платформалар үшін: Компания техникалық құралдар арқылы үшінші тараптардан пайдаланушы ақпаратын қалай жинайтынын қол жетімді нысанда түсіндіре ме?
- Цифрлық платформалар үшін: Компания техникалық құралдар арқылы үшінші тараптардан алынған пайдаланушылар туралы ақпаратты жинау мақсатын нақты көрсете ме?
- Цифрлық платформалар үшін: Компания техникалық құралдар арқылы үшінші тараптардан алынған пайдаланушы деректерінің жарамдылық мерзімі туралы ақпаратты қол жетімді нысанда аша ма?
- Компания деректердің жиналуын қаламайтындығы туралы пайдаланушылар өндіретін хабарламаларды назарға алу туралы қол жетімді нысанда хабарлайды ма?
- Компания техникалық емес құралдар арқылы үшінші тараптар қандай пайдаланушы ақпаратын жинайтынын қол жетімді нысанда түсіндіре ме?
- Компания техникалық емес құралдар арқылы үшінші тараптардан пайдаланушы ақпаратын қалай жинайтынын қол жетімді нысанда түсіндіре ме?
- Компания техникалық емес құралдар арқылы үшінші тараптардан алынған пайдаланушылар туралы ақпаратты жинау мақсатын нақты көрсете ме?
- Компания техникалық емес құралдар арқылы үшінші тараптардан алынған пайдаланушы деректерін сақтау мерзімі туралы ақпаратты қол жетімді нысанда аша ма?
P10(a). Пайдаланушы ақпаратын беру туралы мемлекеттік талаптарға жауап беру процесі
Параметрлер:
- Компания биліктің соттан тыс талаптарына жауап беру процесі туралы қол жетімді нысанда есеп бере ме?
- Компания сот шешімдеріне жауап беру процесі туралы қол жетімді нысанда есеп бере ме?
- Компания шет мемлекеттер билігінің талаптарына жауап беру процесі туралы қол жетімді нысанда есеп бере ме?
- Компания биліктің талабын орындай алатын құқықтық негіздерді қол жетімді нысанда түсіндіре ме?
- Компания биліктің талаптарына қалай жауап беру керектігі туралы шешім қабылдаған кезде тиісті тексеру жүргізетінін қол жетімді нысанда түсіндіре ме?
- Компания биліктің заңсыз немесе тым кең талаптарына қарсы тұруға міндеттене ме?
- Компания биліктің талаптарына жауап беру процесін жүзеге асыру үшін қол жетімді нысанда келтірілген нұсқаулыққа немесе мысалдарға ие ме?
P10(b). Пайдаланушы деректерін ұсыну туралы жеке сұрауларға жауап беру процесі
Параметрлер:
- Компания пайдаланушы деректерін ұсыну туралы жеке сұрауларға жауап беру процестерін қол жетімді нысанда аша ма?
- Компания жеке тәртіпте келіп түскен сұраныстарды қанағаттандыра алатын негіздерді қол жетімді нысанда түсіндіре ме?
- Компания жеке тәртіпте келіп түскен сұрауларға қалай жауап беру керектігі туралы шешім қабылдау кезінде тиісті тексеріс жүргізетінін қол жетімді нысанда түсіндіре ме?
- Компания жеке тәртіпте түскен заңсыз немесе шамадан тыс сұраныстарға қарсы тұруға міндеттене ме?
- Компания жеке тәртіпте келіп түскен сұрауларға жауап беру процесін іске асыру үшін қол жетімді нысанда көрсетілген нұсқаулыққа немесе мысалдарға ие бола ма?
P12. Пайдаланушыларды үшінші тұлғалар тарапынан сұрау салулар туралы хабардар ету
Параметрлер:
- Компания мемлекеттік органдардан (оның ішінде соттардан немесе құқық қорғау органдарынан) пайдаланушы ақпаратын ұсынуға сұрау түскен жағдайда тиісті пайдаланушыларды хабардар ететінін қол жетімді нысанда хабарлай ма?
- Компания пайдаланушы ақпаратын ұсынуға жеке сұрау түскен жағдайда тиісті пайдаланушыларға хабарлайтынын қол жетімді нысанда хабарлай ма?
- Компания пайдаланушыларды хабардар ету мүмкін болмайтын қандай да бір мән-жайлар туралы ақпаратты қол жетімді нысанда аша ма және ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес пайдаланушыларды хабардар ете алмайтын мемлекеттік сұрау салулардың түрлерін көрсете ме?
P15. Деректердің сақталуын бұзу
Параметрлер:
- Компания деректердің сақталуын бұзған жағдайда ол бұл туралы тиісті органдарға кідіріссіз хабарлайтынын қол жетімді нысанда хабарлайды ма?
- Компания осыған ұқсас әсер еткен субъектілерді хабардар ету процесін анық көрсете ме?
- Компания пайдаланушыларға деректерді сақтауды бұзудың салдарын жою үшін қандай қадамдар жасалатынын қол жетімді нысанда хабарлайды ма?
P17. Аккаунттардың қауіпсіздігі (цифрлық платформалар)
Параметрлер:
- Компания заңсыз кіруді болдырмау үшін сәйкестендірменің озық әдістерін қолдану туралы қол жетімді нысанда хабарлайды ма?
- Компания өзінің аккаунтының соңғы әрекеттерін пайдаланушылардың көру мүмкіндігі туралы қол жетімді нысанда хабарлайды ма?
- Компания пайдаланушыларға кез-келген күдікті әрекеттер туралы хабарлау және олардың аккаунттарына рұқсатсыз кіру мүмкіндігі туралы қол жетімді нысанда хабарлайды ма?
P18. Пайдаланушыларды ықтимал тәуекелдер туралы ақпараттандыру және ағарту
Параметрлер:
- Компания пайдаланушыларға өзі ұсынатын өнімдерге немесе қызметтерге қатысты киберқауіпсіздік қауіптерінен қорғану жолдары туралы білім беру мақсатында тәжірибелік материалдарды жариялай ма?