2024 цифрлық құқықтарды сақтау рейтингі Digital Rights Center Qazaqstan (DRCQ) заңи фирмасының сарапшылары мен Ranking Digital Rights (RDR) ұйымының ынтымақтастығында әзірленді.
Бұл зерттеу жобасы DRCQ тарапынан Қазақстанның цифрлық платформаларының мемлекеттік саясаттары мен практикаларын бағалау мақсатында тәуелсіз зерттеу жүргізу мақсатында іске қосылды. Зерттеу мемлекеттік органдармен қарым-қатынас контекстінде ақпаратты ашуға, адамның цифрлық тұтынушылық құқықтарын қорғау стандарттарына сәйкестігіне, сондай-ақ пайдаланушылардың ақпаратқа қол жеткізу және жеке өмірінің құпиялылығын қамтамасыз ету құқықтарын қорғау шараларына көңіл бөлуді мақсат етеді.
Біздің зерттеуіміз тек бағалау ғана емес, сонымен қатар компанияларды адамның цифрлық құқықтарын, соның ішінде пайдаланушылардың ақпарат пен құпиялылық құқықтарын сақтауға қатысты халықаралық стандарттарды сақтауға ынталандыру құралы болғанын қалаймыз.
Компаниялармен ашық және сындарлы диалог компаниялар мен пайдаланушылар арасындағы сенімділік пен ашықтық деңгейін арттыруға ықпал етеді деп сенеміз.
Адам құқықтарын сақтау және қорғау басымдық болып табылатын компанияларға Digital Rating командасы осы рейтинг арқылы БҰҰ-ның Адам құқықтары аспектісінде кәсіпкерлік қызметтің басшылық қағидаттарына сәйкес интернет платформалар мен цифрлық сервистерді құру және пайдалану бойынша «жол карталарын» ұсынады.